Жаңалықтар

КСРО-ны құлатып, республикаларға тәуелсіздік сыйлаған құжат жоғалып кетті

КСРО-ның таратылғаны жөніндегі құжаттың түпнұсқасы табылмай жатыр. ТМД-ның атқару комитетінде құжаттың тек көшірмесі ғана жатқан көрінеді. Түпнұсқаны Беларустың да, оған қол қойған елдердің де сыртқы істер министрліктері таппай жатыр, деп хабарлайды  РИА Новости . "Беловеж келісіміне қол қойылған кезде ТМД жоқ болатын. Кейін атқару комитетіне СІМ арқылы нотариалды түрде расталған көшірмесін берген", - дейді ТМД атқару комитетінің өкілі. Осы орайда ол құжаттың түпнұсқасының табылмауынан құқықтық мәселелер туындамайтынын айтқан. Өйткені нотариалды түрде расталған нұсқасының түпнұсқамен бірдей күші бар.  Өз кезегінде Беларусь СІМ-і құжаттың түпнұсқасын іздеп жатқанын айтқан. "Істің мән-жайын анықтау үшін мұрағаттарда жұмыс істеуге тура келеді. Біз бұл бағытта не істеуге болатынын ойластырудамыз", - дейді Беларусь СІМ баспасөз хатшысы Андрей Савиных. Беловеж келісіміне қол қоюшы Беларусь елінің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевич қол қойылған құжатты оның қолынан СІМ қызметкерлері алып, әрі қарай сол кездегі Беларусь сыртқы істер министрі Петр Кравченко алып кеткенін айтады. Ал Кравченконың айтуынша, оның қолында да көшірме ғана бар.  Шушкевич қол қойғанда тарихи құжаттың неше данасы болғанын есіне түсіре алмай отыр. "Негізі біз үш данасына қол қойған болармыз. Біреуін Беларусь, екіншісін Ресейге, үшіншісін Украинаға арнап. Алайда мен құжаттың біреу ғана болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын", - дейді ол.   Беловеж келісімі - 1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО-ның тынысы тоқтады. Бұған жауап ретінде 1991 жылдың он екінші желтоқсанында Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов,Түркіменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бүған коса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бүрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бүрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзербайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бүрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды Қамбар АХМЕТОВ BAQ.kz
09.02.2013 11:57 5896

КСРО-ның таратылғаны жөніндегі құжаттың түпнұсқасы табылмай жатыр. ТМД-ның атқару комитетінде құжаттың тек көшірмесі ғана жатқан көрінеді. Түпнұсқаны Беларустың да, оған қол қойған елдердің де сыртқы істер министрліктері таппай жатыр, деп хабарлайды  РИА Новости .

"Беловеж келісіміне қол қойылған кезде ТМД жоқ болатын. Кейін атқару комитетіне СІМ арқылы нотариалды түрде расталған көшірмесін берген", - дейді ТМД атқару комитетінің өкілі.

Осы орайда ол құжаттың түпнұсқасының табылмауынан құқықтық мәселелер туындамайтынын айтқан. Өйткені нотариалды түрде расталған нұсқасының түпнұсқамен бірдей күші бар. 
Өз кезегінде Беларусь СІМ-і құжаттың түпнұсқасын іздеп жатқанын айтқан. "Істің мән-жайын анықтау үшін мұрағаттарда жұмыс істеуге тура келеді. Біз бұл бағытта не істеуге болатынын ойластырудамыз", - дейді Беларусь СІМ баспасөз хатшысы Андрей Савиных.
Беловеж келісіміне қол қоюшы Беларусь елінің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевич қол қойылған құжатты оның қолынан СІМ қызметкерлері алып, әрі қарай сол кездегі Беларусь сыртқы істер министрі Петр Кравченко алып кеткенін айтады. Ал Кравченконың айтуынша, оның қолында да көшірме ғана бар. 
Шушкевич қол қойғанда тарихи құжаттың неше данасы болғанын есіне түсіре алмай отыр. "Негізі біз үш данасына қол қойған болармыз. Біреуін Беларусь, екіншісін Ресейге, үшіншісін Украинаға арнап. Алайда мен құжаттың біреу ғана болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын", - дейді ол.
 
Беловеж келісімі - 1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО-ның тынысы тоқтады. Бұған жауап ретінде 1991 жылдың он екінші желтоқсанында Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов,Түркіменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бүған коса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бүрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бүрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзербайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп бүрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды
Қамбар АХМЕТОВ

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға