Жаңалықтар

Қазақстанда ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясы әзірленуде

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы бүгін министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мемлекет басшысы айтқан жасыл экономикаға өту идеясы шеңберінде, Министрлік қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, мақсаты экономиканың әртүрлі салаларында табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану болып табылатын Ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге кірісті», - деді отырыста министр. Стратегия ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, су ресурстары, білім беру, қалдықтарды кәдеге жарату, энергетика сияқты салаларды тұрақты дамытуға арналған кешенді тәсілдерді айқындайды. Айымгүл Әбілева
08.02.2013 12:25 3220

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы бүгін министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы айтқан жасыл экономикаға өту идеясы шеңберінде, Министрлік қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, мақсаты экономиканың әртүрлі салаларында табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану болып табылатын Ұзақ мерзімді жасыл экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге кірісті», - деді отырыста министр.

Стратегия ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, су ресурстары, білім беру, қалдықтарды кәдеге жарату, энергетика сияқты салаларды тұрақты дамытуға арналған кешенді тәсілдерді айқындайды.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға