Елордада туризм және спорт нысандары көбеюде
2012 жылы туризм және спорт нысандарының жобалары жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Бұл туралы Астана қаласының Құрылыс басқармасынан хабарлады. №41 жалпы білім беретін мектепте спорт алаңы салынды. Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайына жаспсарлас мұз айдынын, Астана қаласында теннис кешенін, №32 жалпы білім беретін мектепте хоккей алаңын салуға қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайсар» спорт клубының және теннис кешеніне жапсарлас салынатын ғимараттың құрылысын жобалау басталды, - делінген хабарламада. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
08.02.2013 08:59
2940
Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайсар» спорт клубының және теннис кешеніне жапсарлас салынатын ғимараттың құрылысын жобалау басталды, - делінген хабарламада.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Бөлісу:
