Чемпиондар лигасының жартылай финалистері анықталды

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан клубтар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалдық соңғы ойында мадридтік "Реал" Лондонның "Арсеналынан" өз алаңында 1:2 есебімен жеңілді. Ойынның алғашқы минутынан тартысты өткен ойында төреші бірден пенальти белгіледі. Алайда оңтайлы сәтті пайдалана алмаған "Арсенал" ойыншылары соңғы минутта гол соғып, жартылай финалға шықты.
Сондай-ақ, "Интер" клубы өз алаңында "Баварияны" қабылдап, 2:2 есебімен аяқтады. Бірінші ойында сырт алаңда 2:1 есебімен басым түскен италиялық клуб жартылай финалға шықты.
Кеше чемпиондар лигасы аясында "Барселона" мен Париждің "ПСЖ" клубы ширек финалды жеңіспен аяқтаған болатын. Енді жартылай финалдық ойындар мамыр айының басында өтеді.
