Жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Астана» сырт алаңда оңбай ұтылды

Чемпиондар лигасы: «Астана» сырт алаңда оңбай ұтылды
Фото: instagram.com/fca.astana 26.07.2023 09:12 889

«Астана» сырт алаңда Загребтің «Динамо» клубынан оңбай ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында астаналықтар 4:0 есебімен ұтылды.

Бұл «Астананың» Чемпиондар лигасында 2017 жылғы 16 тамыздан бергі ірі жеңілісі. Ол кезде жерлестеріміз плей-офф раундында Глазгода (Шотландия) «Селтиктен» ойсырай ұтылған — 0:5.

Қарымта матч еліміздің бас қаласында 2 тамыз күні өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға