Жаңалықтар

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті
22.10.2019 18:30 2370

Қостанай облысының делегациясы Ресейдің Челябі облысында өткен қазақтардың бірінші аймақтық құрылтайына қатысып келді.

Көршілес Ресейге қонақ ретінде Е. Өмірзақов атындағы филармония және Жітіқара ауданының ұжымдары облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожинаның басшылығымен барып келді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

Құрылтай екі мемлекеттің басшылары қатысуымен 6-7 қарашада Омбы қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның шекаралас серіктестік форумы қарсаңында ұйымдастырылды. Өткізетін орны болып Ресей мен Қазақстан шекарасынан 18 км жерде орналасқан Одесское аудандық орталығы белгіленді. Ұйымдастырушылар бұл тарихтағы бірінші қазақ диаспорасының осындай форматта өткізіліп жатқан іс-шарасы деп атап кетті.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі – қазақ тілін оқыту, халықтың мәдениетін оқып білу және Ресейдегі қазақтар қауымдастықтарының ішкі жұмысын ақпараттандыру, қоғамдық ұйымдардың жобасын дамыту.

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

«Осы кеңейтілген кездесуде қазақтардың Дүниежүзілік Ассоциация қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі, сондай-ақ шетелде тұрып жатқан отандастарымызды қолдауға бағытталған қызметті атқаратын «Отандастар» қорының тұсаукесері өтті», – деп атап өтті Бибігүл Аққожина.

Сонымен қатар өзара қызметтестік шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен этносаралық саладағы қызметтік тәжірибе ұсынылды және қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік және консалтингтік қолдау, оның ішінде латын жазуына көшу бойынша көмек көрсетілді.

Құрылтайға қатысушылар этносаралық келісім мен халық бірлігі мәселесіне жауапты ұйымдардың арасындағы достықты атап өтті және алда келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Алтын Орданың 750 жылдығы аясында тығыз ынтымақтастық туралы шешім қабылдады.

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

Сонымен қатар Құрылтайға қатысушылар Челябі облысының жалғыз геологиялық бағыттағы мұражайы – романтикалық атауы бар Фершампенуаз ауылында орналасқан Тастар мұражайына саяхат жасады.

Оны 20 жыл бұрын Александр Матора ашқан екен. Ол энтузиаст бола тұра, көп жылдар бойы өздігінше әлемнің түпкір-түпкірінен түрлі тастарды жинастырған. Бірақ жалғыз адамға осындай бірегей орын құру мүмкін емес еді, оған ниеттес жандар қол ұшын беріп отырды. Солардың бірі – Қайырбек Сеилов, ол жиырма жыл бойы Челябі облысының Нагайбак ауданын басқарып келді.

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

«Бізді Қайырбек Хакимович пен Александр Максимовичтің жақын достығы таңғалдырды. Өз уақытында Қайырбек Хакимовичтің күш салуы арқасында экспонаттарды сақтау және жалғыз Челябі облысының геологиялық бағыттағы мұражайы бойынша экскурсия өткізу үшін екі қабатты ғимарат бөлінді, осы мұражайдың директоры және бас сақтаушысы Александр Максимович болды. Мұражайда тамаша тастардың көптеген түрлері жинастырылған. Қазақстан жерінен алынған экспонаттар да бар», - деп өз ойымен бөлісті Бибігүл Бүркітқызы.

Челябі облысы қазақтарының алғашқы аймақтық Құрылтайы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға