«Челси» қазақстандық футболшыны қатарына қосты
Фото: t.me/karpinside
Фото: t.me/karpinside
23.01.2025 23:08
120
Танымал инсайдер Фабрицио Романо қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың трансферін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал ресейлік инсайдер Иван Карпов «Челси» қазақстандық жас футболшы үшін 4,3 миллион еуро төлеуге дайын деп отыр. Бұл қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім.
Соның ішінде 2,4 миллион еуро – нақты төлем, ал қалғаны «Қайрат» немесе жалға берілген өзге клуб сапында өткізген ойындары үшін бонус ретінде қарастырылады. Бес жылдық келісімшарт 2026 жылы – Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.
Сәтпаевқа қызығушылық танытқандар арасында «Зальцбург», «Байер», «Бенфика» мен «Реал Сосьедад» бар. Алайда «Челси» Дастанды өз қатарында көру үшін барын салды, - деп жазды Карп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада 3 мыңға жуық студент жұмыспен қамтылады
Келесі жаңалық
Қазақстан құрамасы Универсиаданы 14 медальмен аяқтады