«Челси» «Астанамен» ойнайтын құрамын жариялады

Лондонның «Челси» клубы Конференция лигасы аясында «Астанамен» кездесу үшін Алматыға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға аман-есен жеттік, - делінген клуб мәліметінде.
Бесінші тур аясындағы кездесу бүгін, 12 желтоқсан күні, Орталық стадионда сағат 20:30-да басталады. Осы орайда ағылшын клубы «Астанамен» ойынға қатысатын құрамын да жариялады.
«Челси»:
Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрем, Макс Меррик;
Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Джош Ачимпонг, Кайден Уилсон;
Жартылай қорғаушылар: Кирнан Дьюзбери-Холл, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл, Киано Дайер, Карни Чуквуэмека;
Шабуылшылар: Педру Нету, Тайрик Джордж, Ато Ампа, Шумайра Мхеука, Марк Гиу.
