Чехияда төтенше жағдай жарияланды

Фото: Ludek Perina/AP
Фото: Ludek Perina/AP
30.03.2025 20:42
997
Чехияның Оломоуц қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чехияның Оломоуц қаласында 28 ақпанда 1000 тоннадан астам бензол тиеген жүк пойызы рельстен шығып кетіп, үлкен апат болған еді. Сол кезде бензолдың көп бөлігі жанып, 300-ден астам тоннасы маңайдағы көлге құйылған.
Бір айға жуық уақыт техногендік апат салдарымен күрескен жергілікті билік улы қалдықтардың жерасты суларына да қосылғанын анықтап отыр.
Сондықтан қалада 27 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Шығын көлемі 40 миллион еуродан асуы мүмкін.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Атыраудағы Индер ауданында 30 шақырым бөгет нығайтылды