Чехия Ресей мен Беларусь теннисшілерінен бейтараптық декларациясына қол қоюды талап етті
Фото: Чемпионат.ком
Фото: Чемпионат.ком
31.08.2023 18:35
961
Чехия үкіметі, ел жарыс өткізу құқығына ие болған жағдайда, WTA қорытынды турниріне қатысу үшін ресейлік және белорус теннисшілерін өз елінің аумағына кіргізуге дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен бірге Ресей мен Беларусь спортшылары бейтараптық туралы декларацияға қол қоюы керек.
WTA қорытынды турнирін өткізуге Чехиядан бөлек Сауд Арабиясы да үміткер.
Чехия жерінде бәсекеге түсу үшін спортшылар Украинаның егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді қолдамайтындықтарын жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Декларацияға қол қойған теннисшілер мен шенеуніктер мемлекеттік рәміздерді қолдана алады, - деп жазды Flash News журналисі Филип Хорки әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
85 мың теңгеге өмір сүру. Кітапханашылардың жалақысы неге төмен?
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды