Жаңалықтар

Чебурек немесе майға қуырылған бәліш

Бәліш пісіріп үйренейік
Чебурек немесе майға қуырылған бәліш
22.02.2018 11:08 12067

Ингредиенттер:

Ортасына салу үшін: тартылған ет 300-400 гр

Пияз – 1 тал

Сарымсақ – 1 бөлшек

Бұрыш қалауыңызға қарай

Қамырына:

Ұн – 800 гр

Сұйық май – 80 мл

Тұз – 1 шәй қасық

Жылы су – 250 мл

Асыққанда жылдам әрі оңай пісірілетін бәліш. Алдымен жоғарыда көрсетілген ингредиенттерді аралстырып, жұмсақ қамыр илеңіз. Қамыр сәл демалу үшін жылы орап, қоя тұрыңыз. Келесі кезекте ортасына салатын ингредиентімізді әзірлейік. Пияз бен сарымсақты ұсақ етіп турап, фаршпен араластырамыз. Үстіне тұз бен бұрыш сеуіп, дәмін келтіреміз.

Қамырды барынша жұқа етіп жайып, ортасына дайын тартылған етімізді төсеп, шетін берік етіп бекітеміз. Табада ысыған майға біртіндеп қуырып, екі жағын да пісіреміз. Мүмкіндігінше отты қатты қыздырмай, ақырын отқа пісірсеңіз, чебуректің түсі қызғылт тартып, ішіндегі еті де жақсы піседі.

Ас болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға