Жаңалықтар

Чарли Чаплиннің қызы қайтыс болды

Чарли Чаплиннің қызы қайтыс болды
Фото: "4 мушкетера Шарло" фильмінен кадр 23.07.2023 03:36 6863

Чарли Чаплиннің қызы актриса Джозефин Чаплин Францияда 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды оның ұлдары Шарли, Джулиен және Артур Le Figaro-ға мәлімдеген. Олардың айтуынша, анасымен қоштасу рәсіміне жақын адамдар ғана жиналып, баспасөзде жарияланбаған.

Өлімге не себеп болғаны белгісіз. Чаплиннің мұрагерлері оның 13 шілдеде қайтыс болғанын айтты.

Джозефин Чаплин ­­– актер және режиссер Чарли Чаплин мен америкалық актриса Уна О'Нилдің қызы. Жұлдызды жұп алғаш рет 1942 жылы кездескен. Ол кезде әлемдік кино жұлдызы 53 жаста, ал Уна небәрі 18 жаста болған. Соған қарамастан араға бір жыл салып екеуі үйленіп, 35 жыл бірге тұрған.

Джозефин – Чарли Чаплиннің 11 баласының ішінде алтыншысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға