«Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына тіркелу басталды

Фото: t.me/railways_kz
Фото: t.me/railways_kz
10.05.2024 07:30
1002
«Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына тіркелу басталды. Ауқымды спорттық іс-шара 1 маусымда өтіп, елордада мыңдаған жүгіру әуесқойларын біріктірмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық шараны "Самұрық - Қазына» АҚ компаниялар тобы ұйымдастырып отыр. Марафон – спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдау мүмкіндігі.
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорына аударылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ауыл тұрғындары тыл ардагерлерінің үй ауласын тазалап берді