Canva жаңа жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстырды

Әлемдегі ең танымал графикалық дизайн платформаларының бірі — Canva өзінің жасанды интеллект мүмкіндіктерін айтарлықтай жаңартқанын мәлімдеді. Бұл жаңалықтар Canva Create 2025 шарасында ресми түрде жарияланды.
Visual Suite 2.0: Дизайндағы жаңа дәуір
Canva-ның жаңа Visual Suite 2.0 жаңартуы — платформаның барлық визуалды құралдарын жасанды интеллект арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Енді қолданушылар:
- Дизайн жасау;
- Мәтін жазу;
- Фото өңдеу;
- Слайд жасау;
- Контенттің өлшемін өзгерту;
- Видео мен презентация дайындау;
сияқты жұмыстарды тек дауыс арқылы басқара алады.
AI негізіндегі Фото редактор
Canva жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін фото редакторын да жетілдірді. Енді:
- Фотоның артқы фонын автоматты түрде өзгерту;
- Қажет емес объектілерді дәл жою;
- Жарық пен түсті нақты баптау;
сияқты функциялар кәсіби студия сапасында орындалады.
Canva платформасына бірнеше жаңа құрал қосылды:
- Canva Code — ешқандай код жазбай-ақ формалар, калькуляторлар, интерактивті flash-карталар жасау мүмкіндігі.
- Magic Charts — күрделі мәліметтерді автоматты түрде графика мен диаграммаға айналдыратын құрал.
- Canva Sheets — дәстүрлі Excel немесе Google Sheets-тің мүмкіндіктерінен де асып түсетін жаңа форматтағы ақылды кестелер жүйесі.
Canva Visual Suite 2.0 пакеті мен AI мүмкіндіктері дизайн жасауды барынша оңай әрі тиімді етті. Бұл — кәсіби дизайнерлер үшін ғана емес, қарапайым қолданушылар үшін де үлкен көмекші құрал. Болашақта мұндай платформалар жұмыс процесін толықтай автоматтандырып, шығармашылық еркіндікті жаңа деңгейге көтермек.
