Елімізде сайлау учаскелері жабылып, бюллетендерді санау рәсімін бастап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордадағы 111 сайлау учаскесі сағат 20:00-де жабылып, бюллетендерді санауда. Сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы саны - 2744, учаскелік сайлау комиссиялары алған бюллетень саны - 2771.
Сайлау бюллетендерін алған сайлаушылардың саны - 776.
Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері мен байқаушылар мүмкіндігі шектеулі жанның үйлеріне барған. Үйден дауыс берген тұрғындардың саны - 2.
Партия тізіміндегі депутаттарға - 771, Астана қаласының мәслихат сайлауына бір мандаттық округ бойынша - 771, Парламенттің Мәжілісіне партиялық тізім бойынша - 778, Парламенттің Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша - 771 дауыс берілген.
