Былтыр жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
08.03.2025 18:36
436
2024 жылдың мамыр айында Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі LIDER.KZ еріктілер тобына сілтеме жасап.
1993 жылы туған Қожамсейітов Нұрсұлтан Қанатұлы 2024 жылдың 9 мамырында Ақсу қаласында жоғалып кеткен. Ол Набережная 33 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Белгілері: бойы 168-170 сантиметр, орта денелі, шашы тақырлап алынған, көзі қоңыр. Иығында «не видел горя, полюби меня» деген татуировкасы бар. Оң табанында шамамен 5 сантиметрлік тыртық бар, сақал қояды.
Үстінде көк ромбиктері бар ақ жейде, хаки түсті шалбар мен кепка, жаздық ашық түсті туфли, қара сырт киім, қолында рюкзак болған.
Бөлісу:
