Жаңалықтар

Былтыр қонақ үйлер мен жатақханалар туристердің арқасында 175 млрд теңге табыс тапты

Былтыр қонақ үйлер мен жатақханалар туристердің арқасында 175 млрд теңге табыс тапты
Фото: © El.kz 17.02.2024 11:27 719

Былтыр елімізде қонақ үйлер мен демалыс базалары, жатақханалар мен басқа да орналастыру орындарының туристердің арқасында тапқан табыс көлемі айтарлықтай өскен. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өткен жылы олардың табысы 175 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр ведомствоның алқа мәжілісінде мәлімдеді.

Ермек Маржықпаев 2023 жылы туризмді дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелер туралы сөз етті. Оның мәліметінше, былтыр 9 айдың қорытындысы бойынша 5,4 млн қазақстандық тұрғын ел ішінде саяхат жасаған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 550 мың адамға көп.

Былтыр жыл қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 9 млн адамға жетті деп болжанып отыр.

Сонымен қатар орналастыру орындарында қызмет көрсетілетін шетелдік туристер санының айтарлықтай өсуі байқалған. 2023 жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп 830 мыңнан аса адамға жетті. Ал 2022 жылы 609 мың болған. Есептік кезеңде қонақ үйлер, демалыс базалары, жатақханалар және басқа да орналастыру орындары 175 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі табыстармен салыстырғанда 36%-ға ұлғайған», - деді Туризм және спорт министрі.

Оқи отырыңыз: 

ТОП-5: Шетелдік туристерді ең қөп қабылдаған өңірлер

Торайғыров университетінің ғалымдары өңірлік туризмды дамытуға ниетті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға