Жаңалықтар

Былтыр елімізде 7 әкім, 5 прокуратура өкілі, 2 судья жемқорлықпен сотталған

Былтыр елімізде 7 әкім, 5 прокуратура өкілі, 2 судья жемқорлықпен сотталған
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.07.2023 14:45 847

2022 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 1 724 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасындай айтылған.

Оқи отырыңыз:

Осы тіркелген 1 724 қылмыстық істің 549-ы пара беру, 446-сы пара алу, 311-і алаяқтық, 110-ы лауазымының өкілеттіктерін терус пайдалану, 87-сі сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету фактілері бойынша қозғалған.

Былтыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды. Оның ішінде: ішкі істер органдарынан – 187 қызметкер, әкімдіктерден – 143 қызметкер, 7 әкім, Қаржы министрлігінен – 40 өкіл, Ауыл шаруашылығы министрлігінен – 18 адам, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен – 14 қызметкер, Денсаулық сақтау министрлігі – 5 адам, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 5 қызметкер, экономикалық тергеу қызметінен – 5 адам, прокуратурадан – 5 өкіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен – 5 адам, 2 судья бар, - деп жазылған ұлттық баяндамада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді»

Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13 %-ды (733-тен 827-ге дейін) құрады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы

108 млрд. теңгені құрады.

Жалпы, Агенттік 653 млрд. теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған әрбір қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы жүз пайыз ұсыныс енгізу қамтамасыз етілді (867 ұсыным, 665 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 314 басшы).

Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға

40,6 млн. теңге сомасына сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды.

2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға