Жаңалықтар

Былтыр елімізде 123,6 мың жұп неке қидырған

Былтыр елімізде 123,6 мың жұп неке қидырған
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 15.03.2025 10:43 97
2024 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 123,6 мың неке тіркеді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2% артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Некелесудің жалпы коэффициенті 6,13 құрады (1000 адамға). Некелескендердің көпшілігі Астана қаласында, 1000 адамға шаққанда 7,34 неке коэффициенті, сондай-ақ Алматы (6,98) және Ұлытау облыстарында (6,70) байқалды. Некеге тұрудың ең төменгі деңгейі Батыс Қазақстан облысында – 1000 адамға шаққанда 5,58 неке. 
 
Отбасын құрғандардың ішін ерлердердің 78% және әйелдердің 79,1% некеге алғаш рет тұрған, ажырасқаннан кейін қайта үйленген ерлердің үлесі – 20,8%, тұрмысқа шыққан әйелдерде –19,4%. Қалалық жерлерде 82,1 мың неке (66,4%), ауылдық жерлерде 41,5 мың неке (33,6%) тіркелген. Алғаш неке құрған ерлердің орташа жасы 27,9 жас болса, әйелдер үшін – 25,2 жас. 2024 жылы неке жаз айларында ең көп тіркелген: маусым – 11 675, шілде – 13 739, тамыз – 12 936 бірлік. 
 
Барлық тіркелген некенің 81,8% моноэтникалық болса, қалған 18,2% – этносаралық. Ажырасуға келетін болсақ, 2024 жылы олардың саны 40,5 мың болды. Қалалық жерлерде 30,1 мың ажырасу (74,4%), ауылдық жерлерде – 10,4 мың ажырасу (25,6%) тіркелген. Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,01 құрады (1000 адамға). 
 
Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да, 1000 адамға шаққанда 3,12 коэффициентімен, сондай-ақ Қарағанды (3,11) және Павлодар (3,09) облыстарында байқалды. ажырасудың ең төменгі деңгейі Түркістан облысында – 1000 адамға шаққанда 0,90. 
 
Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (35%) 1-4 жыл некеде тұрған отбасылар арасында, ажырасулардың 25% – 5 жылдан 9 жылға дейін бірге тұрғандар арасында, тағы 8% неке тіркелгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқан.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға