Былтыр елімізде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

2024 жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Экологиялық акция аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Іс-шараға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. Сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар: қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың фактісі; абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың фактісі.
Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.
