Жаңалықтар

"Былай айт деп жатыр". Байжанов Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын айтты

"Былай айт деп жатыр". Байжанов Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын айтты
Фото: ҚР Жоғарғы сот 03.04.2024 16:14 1738

Астанадағы сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін айтты.

Бишімбаевтың Байжановқа сөйлеуге мүмкіндігі болмаса екен. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында қақтығыс болып жатыр. Тым құрығанда ертең бөлек отырса екен, - дейді Бақытжан Байжановтың адвокаты.

Судья мән-жайды Бақытжан Байжановтың өзінен сұрады.

Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр, - деді Бақытжан Байжанов.

Ал Қуандық Бишімбаев қандай да бір құжаттар туралы айтып қалды.

Бұл іске қатысы жоқ құжаттарды беруін сұрадым, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға