БҰҰ сессиясында есірткімен күрес бойынша Қазақстан тәжірибесі таныстырылды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
12.03.2025 13:11
160
Аустрияның Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткі заттары жөніндегі комиссиясының (CND) 68-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің негізгі тақырыбы – есірткіге тәуелділік пен қылмыстың алдын алу шараларына жастарды тарту. Сондай-ақ қатысушылар қоғамды есірткі қаупінен қорғауға арналған институционалды шараларды талқылады. Қазақстанды халықаралық алаңда БҰҰ ЕҚБ аймақтық жастар желісінің бөлігі саналатын Esbol Qory қоры таныстырды.
Қор есірткіге қатысты вирустық контентті анықтап, оны бұғаттайтын «MERGEN» ақпараттық жүйесін таныстырды. Бұл жүйенің көмегімен Қазақстан аумағында 4000-нан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Танымал актрисадан қатерлі ісік табылды
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды