Жаңалықтар

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш ШЫҰ отырысында сөз сөйледі

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш ШЫҰ отырысында сөз сөйледі
Фото: t.me/aqorda_resmi 04.07.2024 16:51 295

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ бүкіл әлем бойынша терроризмге қарсы күреске қатысты ШЫҰ-мен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас хатшы ШЫҰ бейбітшілікке қол жеткізуге күші мен жауапкершілігі бар әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым екенін айтты.

БҰҰ бүкіл әлем бойынша терроризмге қарсы күреске қатысты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен ынтымақтасуға дайын. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдегі ең ірі аймақтық ұйым, бейбітшілікке жету үшін күш пен жауапкершілікке ие, – деді Антониу Гутерриш.

Айта кетейік, дәл қазір «Көпжақты диалогты нығайту - тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбында «ШЫҰ плюс» форматында отырыс өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға