БҰҰ Газа секторындағы қызметкерлерінің санын қысқартады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторындағы халықаралық қызметкерлер санының үштен бірін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Израиль Газада жойқын соққылар жасап, жүздеген бейбіт тұрғын, соның ішінде БҰҰ қызметкерлері көз жұмды. Сонымен қатар наурыз айының басынан бері бұл аймаққа гуманитарлық көмектің кіруіне рұқсат берілмеді. Осы жағдайға байланысты Бас хатшы ұйымның Газадағы қызметкерлер санын қысқарту туралы шешім қабылдады, – деді ол.
Ол бұл шараның уақытша екенін атап өтті.
Өткен аптада Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газадағы соққыларын қайта бастады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, бұған ХАМАС-тың атысты тоқтату мен тұтқындарды босату туралы америкалық жоспарды қабылдаудан бас тартуы себеп болған.
