Жаңалықтар

БҰҰ еліміздің әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістігін жоғары бағалайды

БҰҰ еліміздің әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістігін жоғары бағалайды
Фото: primeminister.kz 19.06.2024 14:42 376

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ҚР Үкіметі мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді. 30 жылдан астам уақыт ішінде әртүрлі салада бірқатар өзара тиімді жобалар іске асырылды. Алдағы бірлескен жоспарлар да пысықталды. 

Катаржина Вавьерниа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен инклюзивті ортаны жетілдіру, мүгедектерді оңалту және абилитациялау шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау саласын, креативті индустрияны цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Тамара Дүйсенова ұсынылған шараларды қарастыруға дайын екенін білдіріп, тиісті министрліктерге тапсырма берді. Сонымен қатар вице-премьер еліміздің БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға айрықша көңіл болып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, БҰҰ ДБ Қазақстанның әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістіктерін жоғары бағалайтыны айтылды. Осы үдеріске қосқан елеулі үлесі үшін Тамара Дүйсеноваға БҰҰ Даму бағдарламасының «Цифрландыру бойынша жыл үздігі» сертификаты табысталды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға