БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
04.03.2025 22:18
1018
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады, - деп жазды Руслан Желдібай.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында қанша туристік нысан бар
Келесі жаңалық
Блогер DARICORN-ге қарсы іс қозғалды