Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды
![Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды](/storage/storage/element/2025/01/05/mainphoto/136614/1200xauto_IjRmZlt5Aig34d0ttlfkuHohfZbATCSwDuzTtaFI.jpg)
Фото: facebook.com/ffkkz.kz
Фото: facebook.com/ffkkz.kz
05.01.2025 11:45
419
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.
Агенттік мәліметінше, олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.
Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды