Жаңалықтар

Бұрын кісі өлтірген: Ақтауда теракт жасауға дайындалған тұрғын ұсталды

Бұрын кісі өлтірген: Ақтауда теракт жасауға дайындалған тұрғын ұсталды
Фото: ҰҚК 01.04.2024 16:35 552

1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ҰҚК ақпаратында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға