Жаңалықтар

«Бұрын да ұрып жүрген». Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді

«Бұрын да ұрып жүрген». Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 21.05.2024 09:45 6943

Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген хабарламада.

Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Қыздың денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Бұл тұжырым қыздың жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға