Жаңалықтар

Бұршақ, жел, тұман: 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ, жел, тұман: 22 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz 22.08.2024 06:16 503

«Қазгидромет» РМК 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің екпіні күшейеді. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында,  оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға