Жаңалықтар

Бұршақ және жел: 7 сәуірде ауа райы қандай болады

Бұршақ және жел: 7 сәуірде ауа райы қандай болады
Фото: El.kz 06.04.2025 17:25 409

2025 жылғы 7 сәуірге арналған синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстары туралы болжамды синоптиктер жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"Тек шығыс өңірлер ғана антициклон ықпалында болып, бұл аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

7 сәуірге қараған түні оңтүстік, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, ал күндіз жауын-шашын орталық Қазақстанда да болады.

Ел аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте желдің екпіні күшейеді. 7 сәуір күні күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін екені ескертілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға