Жаңалықтар

"Бұрқасын, тұман, көктайғақ". Демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Бұрқасын, тұман, көктайғақ". Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.12.2023 12:31 805

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы демалыс күндері, 23-25 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады дейді.

Елімізге ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді. Алдымен ол республиканың батыс аймақтарына, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен сулы қар, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі.

Демалыс күндері тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға