Жаңалықтар

Бурабайлық әйел алтын сататын дүкеннен қымбат бұйымдарды оп-оңай алып кеткен

Бурабайлық әйел алтын сататын дүкеннен қымбат бұйымдарды оп-оңай алып кеткен
Фото: © Pixabay.com 24.01.2024 22:33 2009

Бурабай ауданының тұрғыны алтын сататын дүкеннің екі сатушысан қымбат бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицяға екі кәсіпкерден арыз түскен. Айтуларынша, сатып алушылардың бірі келгеннен кейін алтын бұйымдары жоғалған. Келтірілген шығын сомасы - 596 мың теңге.

Сатып алушы кейпіндегі әйел кәсіпкерлерге көптеген сұрақтар қойып, әшекейлердің әртүрлі нұсқаларын көрсетуді сұраған. Ал клиент кеткеннен кейін дүкен иелері зергерлік бұйымдардың жоғалғанын анықтаған.
Күдіктінің жеке басын анықтау үшін полицейлер қарыз беретін қаржы ұйымдарын тексеруді бастаған. Ұрланған алтын бұйымдар Ақмола облысының орталығы мен Щучинск қаласының ломбардтарынан табылған. Күдікті әйел алтын әшекейлерді ломбардқа тапсырып үлгерген.

Ақмола облыстық Полиция департаментіндегілер Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға