Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды
Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған.
26.06.2022 07:04
1822
Көл жағасында демалмақ болған үш жас қыз суға түсіп, жағадан алыстап кеткен. Қыздарға көмек керегін түсінген демалушылар оларды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған. Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанде ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.
– Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол "өкпенің ісінуі" диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды