Жаңалықтар

Бурабайда жеке монша өртенді

Бурабайда жеке монша өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 15.03.2025 03:20 117

Бурабай ауданының Щучинск қаласында жеке тұрғын үйлердің біріндегі моншада өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның әрі қарай таралуына жол бермей, қысқа мерзім ішінде 3 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктердің айтуынша, өрттің шығуына жылыту пешінің мұржасын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға