Жаңалықтар

Бурабайда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық форумы өтті

Бурабайда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық форумы өтті
30.11.2018 04:23 1808

ҚР Тұңғыш  Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының Бурабай поселкесінде аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының облыстық форумы өтіп, онда өңірдің ең белсенді жастары бас қосты.

Қызықты тренингтерді, Бурабай ауданының киелі жерлерін аралауға арналған экскурсияны қамтыған үш күндік іс-шараға ақмола өңірінің жастар мен білім беру ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ практикалық психолог маманы Гоар Авагян тренинг барысында коммуникативтік дағдыларды және ұжымдағы өзара тиімді әрекет етуді қалай  дамыту керектігі жайлы егжей-тегжейлі айтып беді.

СММ-менеджментті дамыту туралы Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының маманы Рамазан Дәулетбеков әңгімеледі.

Өздерінің болашақтағы қызмет жолында септігін тигізер пайдалы ақпаратты жастар қауымы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Белла Газдиеваның көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері атты баяндамасынан тыңдап білді.

Өзіңе және өзгелерге деген сенімді арттыру, толерантты тұлғаны қалыптастырудың тәсілі тақырыбына Көкшетау қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог-кеңесшісі Эсет Кусиева әңгіме жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға