Жаңалықтар

Бурабайда дәмхана өртеніп, 4 газ баллоны жарылды

Бурабайда дәмхана өртеніп, 4 газ баллоны жарылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі 05.07.2023 13:30 1162

Ақмола облысының Бурабай ауданында 40-қа жуық өрт сөндіруші жазғы дәмханада орын алған өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама 5 шілдеде сағат 03.09-да түскен.

Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді. Қабылданған жедел іс-шаралардың арқасында сағат 04.13 оқшауланған өрт, 05.04-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны анықталды. Бұл, хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде 4 газ баллоны жарылып, бұл жалынның көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына әсер етті.

Жедел қабылданған шаралар оттың тұрғын үйлерге таралуының алдын алды, - деді Щучье қалалық жасағының бастығы Руслан Базарбаев.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Өрт болған жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына хабарласу қажет.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqmola Tjd (@aqmola_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға