Бурабай

30.11.2020 3351

Бурабай шипажай ретінде 120 жылдан астам уақыттан бері танымал. Бұл аймақты жыл сайын миллионнан астам саяхатшы тамашалайды. Алайда, Бурабай ұлттық саябағы өзінің жағажайы мен экотуризмнен басқа көптеген тарихи оқиғаларға да бай өлке.

Абылай хан алаңында, ол Орта жүз ханы болып сайланды. ХІХ ғасырдың ең ірі дүниежүзілік отаршылдыққа қарсы көтерілісіне жетекшілік еткен, Абылай ханның немересі Кенесары хан да (1802–1847) осынау тарихқа тұнған Бурабай жерінде дүниеге келді.

Бурабайда халық арасында «Кенесарының үңгірі» деп аталып кеткен мекен бар. Бұл үңгірде Абылай ханның немересі, кішкентай Кенесары өз замандастарымен ойын ойнап, атқа отыруды және садақ атуды үйренген деген аңыз да айтылып жүр.

Жасөспірім шағында Кенесары сәтті аңшылықтан кейін, осы табиғи баспанасында түнеген. Аталған үңгір Ақмола облысының Бурабай ауданында, Бурабай көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.

           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай
           Бурабай

Бөлісу: