Жаңалықтар

Бурабай курорттық аймағында ақылды камералар орнатылады

Бурабай курорттық аймағында ақылды камералар орнатылады
Фото: ©Pixabay.com 08.04.2025 11:40 400

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында туристік саланы цифрландыру мәселесін қарау және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру шаралары айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2025 жылы Бурабай курорттық аймағында жедел басқару орталығымен біріктірілген 114 «ақылды» бейнебақылау камерасы орнатылатынын хабарлады. Бұл туристер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

Сондай-ақ ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында қосымша 7 антенна-діңгек құрылыстары орнатылды. Жазғы маусым басталғанға дейін оларға ұялы байланыс операторлары орналастырылатын болады.

Цифрлық қызметтерді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде «Burabay Travel» мобильді қосымшасы 80%-ға дайын, ол туристер үшін әмбебап көмекші болады.

Мобильді қосымша:

Көрікті жерлер, маршруттар, демалыс және ойын-сауық орындары туралы ақпаратты;

Әр түрлі қызметтерді брондау мүмкіндігін;

Ыңғайлы төлем шешімдерін біріктіреді.

130-дан астам туристік бизнес нысандары платформада өз ұсыныстарын жариялады. Бурабайда туризмді ілгерілету және экологиялық тұрғыда таза орынға айналдыру шеңберінде жыл соңына дейін қоқыс сұрыптау кешенін салу жөніндегі жоба іске асырылатын болады, сондай-ақ «Фор Сизон» тұжырымдамасы бойынша 25 ірі халықаралық және республикалық іс-шаралар өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға