Ақмола облысының Бурабай кентіндегі пайда болған өрт жедел түрде сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 13:00-де Бурабай кентіндегі "Алматы" қонақ үйінің серверлік үй-жайында болған өрт 4 ш.м. алаңда жойылды. Оттың басқа үй-жайларға таралуына жол берілмейді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ-нің мәліметінде.
Бұған дейін аталған аумақтан өрт сөндіруші-құтқарушылар түтінді ғимараттан 106 адамды құтқарып, эвакуациялаған болатын.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті