Жаңалықтар

Буллингке ұшыраған балалар білім басқармаларының сall-орталықтарына хабарласа алады – Еділ Оспан

Буллингке ұшыраған балалар білім басқармаларының сall-орталықтарына хабарласа алады – Еділ Оспан
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 13:23 1277

Балаларға не олардың ата-аналарына шұғыл психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін барлық өңірде білім басқармаларының жанында сall-орталықтар, ал Оқу-ағарту министрлігінде balaqorgaubot2.0 телеграм чат-боты, «balaqorgau» веб-сайты жұмыс істейді.

Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Чат-боттың тиімділігі – әрбір пайдаланушы өз өтінішіне жауап алып, тәулік бойы жұмыс істейтіндігінде. Сондай-ақ өтініштер мәселе толық шешілгенге дейін шұғыл түрде қаралады. Веб-сайтқа кез келген бала немесе ата-ана мектептің қабырғасында ілініп тұрған QR-код арқылы кіріп, өздерінің сұрақтарын қалдыра алады. Аталған орталықтар жұмысы толығымен анонимді жүргізілетінін, жүгінушіге ешқандай қатер төнбейтінін атап өту керек, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, былтыр Оқу-ағарту министрлігіне 1000-нан астам құқықбұзушылықты жасыру немесе дер кезінде мән бермеу фактілері бойынша арыздар келіп түскен. Осы ретте министрлік балалар арасындағы немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарламағаны үшін белгіленген жазаны күшейту қажеттігін ұсынуда.

Оқу-ағарту министрлігі білім басқармаларымен бірлесіп, халықпен ашық диалог жүргізу үшін тиісті шараларды жүргізіп жатыр, сонымен қатар балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қою, оларға дереу тиісті көмек көрсету бойынша кешенді жұмыс жалғасады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға