Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы шорт-трек тарихындағы алғашқы алтыны.
ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстан құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесімен құттықтап, бұл жеңістің ел спорты үшін маңызын атап өтті:
Министр мен ҰОК басшысы құраманың барлық мүшесіне алғысын білдіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін отандастарымыз барша жанкүйерді шаттық пен қуанышқа бөлеп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Қытай төрінде әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреді. Бұл жүлденің біз үшін маңызы зор. Өйткені бұл — Қазақстанның шорт-трек спорты тарихындағы қысқы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Жеңіс жолында еңбек еткен жаттықтырушылар құрамына да ерекше алғысымды білдіремін.
Бүгін спортшыларымыз жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. Біраз үзілістен кейін қысқы Азия біріншілігінде еліміздің әнұраны тағы да шырқалатын болды. Жалынды жерлестерімізді осы жеңіс жолына дайындаған жаттықтырушыларға ерекше алғыс айтамын. Бұл бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды. Рахмет. Алға, Қазақстан!, — деді Геннадий Головкин.