Жаңалықтар

«Бұл жақсы белгі емес». Қуат Хамитов қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

«Бұл жақсы белгі емес». Қуат Хамитов қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/kuat__khamitov 06.05.2024 15:19 1218

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Александр Шлеменкомен айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екеуара жекпе-жек 11 мамыр күні RCC 19 турнирі аясында өтеді.

Жол бойы Екатеринбург тарихын зерттеп келдім. Сез бергенімдей, «джунглидегі шайқас» болады.

5 мамыр күні мынадай ауа райы тарихта болмаған: бұл Александр Шлеменко үшін жақсы белгі емес. Оған бұл жаққа келудің қажеті жоқ. Жолға шыққанда жаңбыр, қар жауды. Ертең жер сілкінісі болып кетпесін. Александр Шлеменкоға мұнда келмеуге кеңес беремін.

Мен ақылмен жеңемін: қумын, ақылдымын. Біз секілді тәжірибелі спортшылар кездескенде, физика емес, ақыл жеңеді.

Александр Шлеменкодан ақылдырақпын. Қорқыныш кетеді, денең басқаша әсер етеді. Спарринг алдында физикалық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да бөлек адамға айналдым. Қазір Шлеменкоға өзінің құрбаны секілді қарайтын аңшымын, - деді Хамитов RCC-ке берген сұхбатында.

Хамитовтің жасы 36-да. Ол 24 айқаста жеңіске жетіп, сегіз рет жеңіліс тапқан, тағы біреуін тең аяқтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға