Жаңалықтар

«Бұл ойды қабылдаудың өзі қиын». Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы үндеу жасады

«Бұл ойды қабылдаудың өзі қиын». Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы үндеу жасады
Фото: instagram.com/muratseveliev 12.02.2024 16:32 1355

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жолдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін,  - деді ол. 

Сондай-ақ, ол анасының табылатынына сенетінін айтты.

Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді, - деді ол.

Айта кетейік, бельгиялықтар асырап алған қазақ жігіт өткен жылдан бері туған анасын іздеп жүр. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға