Жаңалықтар

«Бұл өмірден озып кетті көп інім». Ақын көлік жүргізушілеріне өлеңмен үндеу жасады

«Бұл өмірден озып кетті көп інім». Ақын көлік жүргізушілеріне өлеңмен үндеу жасады
Фото: instagram.com/kainaralaguzov 04.02.2025 17:02 196

Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов көлік жүргізушілеріне өлең түрінде үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын өлең шумақтары арқылы жолда жылдамдықты арттырмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған.

Аманаттың артып алып ауырын,

Көлік айдап, жолда жүрген бауырым,

Дұға қылып күтіп отыр артыңда,

Әкең, анаң, балаң, жарың, бауырың.

 

Фура айдаған, «Альфард» мінген батырым,

Алқынғанмен алдыңда мың шақырым.

Жылдамдықты 110-ға да жеткізбе,

Бақыт деген келеді өзі ақырын.

 

Жаннан артық көріп жүрген көлігің,

Талайлардың жалмап кеткен өмірін.

Алдындағы машинадан озам деп,

Бұл өмірден озып кетті көп інім.

 

Сені ойлайтын адамдардың барын біл,

Тәнің темір болғанымен жаның гүл.

Шалбарыңның ременінде шаруам жоқ,

Машинаңның ременін тағып жүр, - деді ақын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қайнар Алагөзов (@kainaralaguzov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға