Жаңалықтар

«Бұл менің отбасыма жасалған ақпараттық шабуыл». Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты пікір білдірді

«Бұл менің отбасыма жасалған ақпараттық шабуыл». Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov 06.09.2023 15:53 1684

Мәжіліс депутаты, еліміздің танымал балуаны Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекетіне қатысты пікір білдіріп, бұл жағдайда күмәнді жайт бар екенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өздеріңіз білетіндей, менің әулетім айналасындағы мұндай оқиғалар бірінші рет емес. Осындай оқиғалардың заңдылықпен қайталануы менің көңіліме еріксіз ой салады. Мен өз тарапымнан балаларыма толықтай әкелік, қазақы тәрбие бердім. Бүгінгі видеоға қатысты менің де қоятын бір сұрағым бар. Таңғы сағат 4-те мұндай қыздар ұлым тұратын үйге келіп, неге ондай оқиғаға бастау болатыны түсініксіз. Және бұл жағдай аяқ астынан камераларға түсіп қалып, белгілі бір адамдарға пайдалы қиындыларының ақпарат құралдарына тарауы, менің ғана емес, кез келген адамның көңіліне күмән келтіреді, - деді Тұрлыханов.

Оқи отырыңыз:

Дәулет Тұрлыханов мұның бәрін өзінің отбасына жасалған ақпараттық шабуыл деп отыр.

Бұл менің отбасыма соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлаймын. Видеоны аңғарған адамға менің баламның бұл жанжалдан барынша қашқақтауға әрекет жасағаны анық көрінеді. Сіздерге түсінікті болу үшін видеоның толық нұсқасын жолдап отырмын. Осы болған жағдайды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын, - деп жазды ол.

Бұған дейін депутат ұлы ересек адам, тиісінші әрекетіне өз жауап беретінін айтқан болатын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дәулет Тұрлыханов (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға