Жаңалықтар

Бұл мәселені шұғыл шешу керек - Тоқаев

Бұл мәселені шұғыл шешу керек - Тоқаев
Фото: Ақорда 07.02.2024 11:28 753

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет пен жекеменшік серіктестікті дамыту үшін біраз шаруа атқарылса да, нәтижесі әлі де мардымсыз екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір мұндай жобалар негізінен әлеуметтік салаға енгізіліп жатыр. Бұл саладан көп табыс түспейтіні белгілі. Ашығын айтқанда, біз нысандардың құрылысына бөліп төлеу арқылы қаржы құйып отырмыз. Мемлекет үшін мұндай тәсіл, әрине, тиімсіз. Жалпы, осы саладағы нормалар мен рәсімдер жеке бизнеске салмақ салады не болмаса инвесторға өте тиімді болғанымен, мемлекетке пайда әкелмейді, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді, яғни балансты сақтау, мемлекет пен инвестордың мүддесі бірдей ескерілуі қажет екенін атап өтті.

Бірақ бізде мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жеке жобаларды бюджеттен астыртын қаржыландыратын тәсілге айналып кетті. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі жүйесін қайта құруға қатысты жұмыс баяу жүріп жатыр. Әзірге нақты нәтиже жоқ. Үкімет осы мәселені ретке келтіру қажет, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент әлемдегі озық тәжірибені пайдаланып, уақыт тезінен өткен тәсілдерді ұсына алатын халықаралық ұйымдарды тарту керек екенін айтады. Мемлекет басшысы бұл мәселені шұғыл шешу керек деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға