Жаңалықтар

БҰЛ КҮНІ - 28 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 28 МАМЫР
28.05.2019 09:55 2948

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2005 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» №1579 Жарлығына қол қойды.

 

2007 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстанның Президенті Г.М.Бердымұхамедовпен кездесті.

002-28.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Каспий маңы газ құбыры құрылысының перспективалары талқыланды.

Екі елдің көлік-транзит саласындағы әлеуетін дамыту мәселесі ерекше назарға алынды.

Атап айтқанда, Қазақстанға қысқа жол арқылы Парсы шығанағына жүк тасымалдауға мүмкіндік беретін «Ералиев-Түрікменбашы» темір жол магистралін салу; «Түрікменбашы-Ақтау-Атырау-Астрахан» автожолдарын толықтай қайта қалыпқа келтіру; Ақтау қаласы мен Түрікменбашы қаласы арасында автобус қатынасын ашу; Каспий арқылы түрлі бағытта жаңа теңіз көлік маршруттарын ашу мәселелері қарастырылды.

003-28.png

Президенттер екі мемлекеттің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың жаңа деңгейін атап өтті. Келіссөздер барысында екі елдің Мәдениет қайраткерлері және зиялылары форумын, Түрікменстандағы Қазақстан мәдениеті күндерін өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Кездесуде сондай-ақ Түрікменбашы қаласында қазақ мектебін ашу туралы уағдаластық қуатталды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел Президенттері Бірлескен мәлімдемеге, 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы шартқа және 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Сондай-ақ шекара өкілдіктерінің (шекаралық комиссарлар) қызметі туралы, стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредитациялау салаларындағы ынтымақтастық туралы, киіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитеті мен Түрікменстанның Мемлекеттік шекара қызметі арасындағы жедел іздестіру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. 

*****

Мемлекет басшысы Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) президенті, Кувейт мемлекетінің Ұлттық қауіпсіздік министрі шейх Ахмад әл-Фахд әл-Сабахты қабылдады. Ол Қазақстан Президентіне Азиядағы олимпиадалық ойындарды дамытуға қосқан үлесі үшін Азия Олимпиадалық кеңесінің орденін табыс етті.

«Орден АОК-нің ең жоғарғы наградасы болып табылады. Н.Ә.Назарбаевты осы орденмен марапаттау Қазақстанның өз еліндегі және Азия аймағындағы спортты дамытуға қосып жатқан зор үлесіне біздің берген жоғары бағамыз болып табылады. Азия олимпиадалық кеңесі атынан Қазақстан Президентіне, Қазақстан халқына келесі 2011 жылғы Азиялық қысқы олимпиадалық ойындарға дайындығы үшін үлкен алғысымды білдіремін және табыс тілеймін», – деді АОК президенті журналистерге арналған брифингте.

Шейх сондай-ақ Қазақстан басшысына Кувейт әмірінің ыстық сәлемін жеткізді.

 

2008 ж.: Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовті қабылдады. Ол Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық жүйесін жетілдіру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы, сондай ақ 2011 жылы Азиада өткізуге арналған инфрақұрылым құрылысының мәселелері жөнінде баяндады.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының Каспий теңізі және Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы мұнайды «Баку-Тбилиси-Джейхан» жүйесімен халықаралық нарықтарға тасымалдауға қолдау көрсету және жәрдемдесу жөніндегі шартты ратификациялау туралы» №35-IV Заңына қол қойды.

 

2010 ж.: Мемлекет басшысы Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.

004-28.png

Сапар барысында Президент Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Васильков кен-байыту комбинатындағы алтын өндіретін жаңа фабриканы ашты.

005-28.png

Президент комбинат ұжымын жаңа өндірістің ашылуымен құттықтап, комбинатты «Алтын тау» деп атауды ұсынды.

006-28.png

Одан кейін Н.Ә.Назарбаев Зеренді ауданындағы «Зеренді-Астық» ЖШС егістік алқабында болды. Осы жерде облыс басшылығы Президентті өңірдегі көктемгі егістік жұмыстарының барысынан хабардар етті. 

 

2012 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Ә.Мәмиді қабылдап, ол палатаның ағымдағы заңшығарушылық қызметі, сондай-ақ 2012 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне әзірлік барысы туралы баяндады.

*****

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» №330 Жарлығына қол қойды.

 

2013 ж.: Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Б.Христенконы қабылдады.

007-28.png

Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын даярлау барысын, сондай-ақ 2013 жылғы 29 мамырда Астана қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін талқылады. 

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласына аттанып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

008-28.png

Саммитке қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту, бірлескен шұғыл және ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің әскери даярлығын жетілдіру мәселелерін талқылады.

2014 жылы осы елден Қауіпсіздікке жәрдемдесудің халықаралық күштерін шығаруға байланысты Ауғанстан аумағынан төніп тұрған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына ерекше назар аударылды.

Бұған қоса, тәжік-ауған шекарасын нығайту және есірткі трафигімен және экстремизммен күрес шаралары туралы пікір алмасу болып өтті. 

*****

Мемлекет басшысы «М.Т.Есенбаевты Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №572, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №144 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №573 жарлықтарына қол қойды.

 

2014 ж.: Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы» №832 Жарлығына қол қойды.

 

2015 ж.: Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы» №33, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2014 жылғы есебін бекіту туралы» №34 жарлықтарына қол қойды.

 

Дереккөз: Akorda.kz

 

Оқи отырыңыз:

БҰЛ КҮНІ - 27 МАМЫР

ЕЛОРДАНЫҢ «ЖЕТІСУ» ПАРКІНДЕ ГРУЗИН, ӨЗБЕК, ПОЛЯК, ҚАРАҚАЛПАҚ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

ҚОСТАНАЙДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БІРНЕШЕ ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫ ЖАРИЯ ЕТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға