БҰЛ КҮНІ - 22 МАМЫР
22.05.2019 12:03
4914
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.
2005 ж.: Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен болды.
Президент Ақтау қаласында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған жаңа коммуналдық тұрғын үйлерді аралап көрді.
2006 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» №141-III, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» №142-III, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №143-III заңдарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Біріккен Араб Әмірлікте-рінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» №118, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» №119 жарлықтарына қол қойды.
2007 ж.: Мемлекет басшысы Алматы облысы Талғар ауданының әкімі К.О.Омарбаевты қабылдады. Ол аудандағы ахуал жайлы баяндады.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әскери қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №255-ІІІ Заңына қол қойды.
2008 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведевпен кездесті.
Содан кейін делегациялар кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, онда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағын талқылады.
Атап айтқанда, тараптар мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру, мұнай мен газды тасымалдау, бірлескен мұнай-химия кәсіпорындарын құру, «Байқоңыр» кешенін пайдалану және ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылады.
Экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында Н.Ә.Назарбаев экономикалық ынтымақтастық және ықпалдастық туралы ұзақ мерзімді келісім әзірлеуді ұсынды.
Кездесу соңында Н.Ә.Назарбаев Д.А.Медведевті Астананың 10 жылдық мерейтойын атап өту шараларына қатысуға шақырды.
Сапар қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Ресей Президентінің мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, ресейлік «ГЛОНАСС» ғаламдық-навигациялық спутниктік жүйесін пайдалану және дамыту саласында ынтымақтасу туралы үкіметаралық келісімге, Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Мәскеудің Чистопрудный бульвары, 3 мекен-жайындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне рәсімдеу туралы келісімге, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен «Ресейдің нанотехнологиялар корпорациясы» мемлекеттік корпорациясы арасындағы өзара іс-әрекет туралы келісімге, «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Ресей Федерациясының даму және сыртқы экономикалық қызмет (Сыртқы экономбанк) банкі» арасында ұзақ мерзімді несиелік желі туралы келісімге қол қойылды.
Келіссөздерден кейін президенттер бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.
2009 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Украинаның Премьер-министрі Ю.В.Тимошенконы қабылдады.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ұшақ жасау, машина жасау, аграрлық сектор салаларында ынтымақтасудың нақты бағыттары белгіленді.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген делегациялар басшыларымен кездесті.
Президент кездесуге қатысушылардың назарын ТМД аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне аударды.
Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, қазіргі кезде А/Н1N1 тұмауының таралуына қарсы Достастыққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген іс-қимылы аса қажет. ТМД-ға мүше мемлекеттер осы вирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуді қаржыландыра алатын еді.
Достастық аясында Қазақстан Президенті ұсынған «бір жылда - бір тақырып» формуласы негізіндегі жұмыс қағидасына сәйкес, 2009 жыл энергетика мәселелеріне арналды. Оның пікірінше, алдағы жылдарды миграция, көлік проблемаларын, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арнауға болады.
Президент сондай-ақ Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы және дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту жоспарлары туралы әңгімеледі, бұл мақсатта бөлінген қаражат ІЖӨ-нің 15%-на тең.
*****
Мемлекет басшысы «Қ.У.Бишімбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы» №813, «Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы» №814, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» №815 жарлықтарына қол қойды.
2010 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, Шымкент қаласында өткен «SaryAgash Open 2010» гольф турниріне қатысты.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы «Даңқ» мемориалының жанында Ұлы Отан соғысы ардагерлері және Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.
*****
Мемлекет басшысы «Сыртқы барлау туралы» №277-IV, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» №278-IV заңдарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №988 Жарлығына қол қойды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ХХV пленарлық отырысына төрағалық етті.
Қазақстан Президенті Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үдерісіне шетелдік инвесторларды кеңінен тарту мақсатында Кеңес мүшелеріне Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі ең ірі іскерлік әрі транзиттік хаб деңгейіне шығаруға бағытталған «Жаңа Жібек жолы» жобасын ұсынды.
«Осы мега-жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға таман Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі 2 есеге дейін өсуге, одан арғы жылдар ішінде бұл көрсеткіш кемінде 50 млн. тоннаға дейін жетуге тиіс», - деп мәлімдеді ол.
Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда...
*****
Сол күні Мемлекет басшысы өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен, оның ішінде ЕҚДБ президенті Т.Мировпен, «Сбербанк России» АҚ басқармасының төрағасы Г.О.Грефпен және «Glencore International plc» компаниясы басқармасының төрағасы А.Глазенбергпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
2013 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысына төрағалық етті.
Отырыстың басты тақырыбы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы болды. Бұл ретте, инвестициялық саясаттың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қазақстандық мазмұнды дамытуға, ең жаңа технологиялар трансфертіне және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін игеруге жәрдемдесу мәселелері қаралды.
Күн тәртібін дамыта отырып, Қазақстан Президенті өз сөзінде белгілі шетелдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген 2020 жылға дейінгі инновациялық даму және «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жариялады.
*****
Мемлекет басшысы өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI отырысының жұмысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
«Ресей жинақ банкі» ААҚ басқармасының төрағасы Г.О.Грефпен әңгімелесу барысында Қазақстанның банк секторының жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ «Ресей жинақ банкі» жергілікті өкілдігінің қызмет ету нәтижелері қаралды.
*****
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Б.Обамаға Оклахома штатында болған жойқын торнадо салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болған жандарға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Жойқын торнадо салдарынан ондаған жанның өмірі қиылып, жүздеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.
Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, сондай-ақ жараланғандардың тез арада сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін», - делінген жеделхатта.
*****
Мемлекет басшысы «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» №571 Жарлығына қол қойды.
2014 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №817 қбп Жарлығына қол қойды.
2015 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен VIII Астана экономикалық форумына қатысты.
Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда...
*****
Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысы аясында Нобель сыйлығының лауреаттары Ф.Кидландпен, Э.Маскинмен, Дж.Смутпен, Т.Карманмен, франциялық экономисі Ж.Атталимен, БҰҰ ФАО бас директоры Ж.Г. да Силвамен, БҰҰДБ әкімшісі Х.Кларкпен, ЭЫДҰ сыртқы байланыс жөніндегі директоратының басшысы М.Бонтуримен, ЕҚДБ вице-президенті Б.Нельсонмен, АДБ вице-президенті Ч.Вэнчаймен және «McKinsey Global Institute» жаһандық институтының директоры Р.Доббспен кездесті.
*****
Мемлекет басшысы «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы М.Хольцманды, Басқарма төрағасы М.М.Әуезовті және Директорлар кеңесінің мүшесі К.Х.Рақышевті қабылдады.
Одан басқа, банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласы бойынша жұмыс сапарын жасап, «Талан Тауэр», «Әбу-Даби Плаза» және «Жасыл квартал» әкімшілік-тұрғын үй кешендері құрылыстарының барысымен танысты.
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 21 МАМЫР
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
ЕЛБАСЫ ЖАС КОМПОЗИТОР РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Келіссөздерді ашқан Қазақстан басшысы елімізде Ресей Президентінің лауазымына кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстанға жасағанын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Содан кейін делегациялар кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, онда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағын талқылады.
Атап айтқанда, тараптар мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру, мұнай мен газды тасымалдау, бірлескен мұнай-химия кәсіпорындарын құру, «Байқоңыр» кешенін пайдалану және ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылады.
Экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында Н.Ә.Назарбаев экономикалық ынтымақтастық және ықпалдастық туралы ұзақ мерзімді келісім әзірлеуді ұсынды.
Тараптар өзара мүдделестікке ие бірқатар халықаралық және өңірлік проблемалар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ аясындағы, сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігін аталып өтті.
Кездесу соңында Н.Ә.Назарбаев Д.А.Медведевті Астананың 10 жылдық мерейтойын атап өту шараларына қатысуға шақырды.
Сапар қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Ресей Президентінің мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, ресейлік «ГЛОНАСС» ғаламдық-навигациялық спутниктік жүйесін пайдалану және дамыту саласында ынтымақтасу туралы үкіметаралық келісімге, Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Мәскеудің Чистопрудный бульвары, 3 мекен-жайындағы ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне рәсімдеу туралы келісімге, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен «Ресейдің нанотехнологиялар корпорациясы» мемлекеттік корпорациясы арасындағы өзара іс-әрекет туралы келісімге, «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Ресей Федерациясының даму және сыртқы экономикалық қызмет (Сыртқы экономбанк) банкі» арасында ұзақ мерзімді несиелік желі туралы келісімге қол қойылды.
Келіссөздерден кейін президенттер бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.
2009 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Украинаның Премьер-министрі Ю.В.Тимошенконы қабылдады.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ұшақ жасау, машина жасау, аграрлық сектор салаларында ынтымақтасудың нақты бағыттары белгіленді.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген делегациялар басшыларымен кездесті.
Президент кездесуге қатысушылардың назарын ТМД аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне аударды.
Н.Ә.Назарбаев ТМД елдерінің әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы әрекет етуінің бірлескен шараларын қабылдаудың маңыздылығына көңіл бөлді. Осы орайда экономикалық ықпалдастық және Достастық елдерінің тауарлары үшін ішкі нарықтарды өзара ашу маңызды болып табылады. Ол жұмыссыздықпен күресті күшейтуге, Достастық елдерінен келген мигранттарға төзімділікпен қарауға, қылмыскерлікке және есірткі трафигіне қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге үндеді.
Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, қазіргі кезде А/Н1N1 тұмауының таралуына қарсы Достастыққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген іс-қимылы аса қажет. ТМД-ға мүше мемлекеттер осы вирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуді қаржыландыра алатын еді.
Достастық аясында Қазақстан Президенті ұсынған «бір жылда - бір тақырып» формуласы негізіндегі жұмыс қағидасына сәйкес, 2009 жыл энергетика мәселелеріне арналды. Оның пікірінше, алдағы жылдарды миграция, көлік проблемаларын, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арнауға болады.
Президент сондай-ақ Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы және дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту жоспарлары туралы әңгімеледі, бұл мақсатта бөлінген қаражат ІЖӨ-нің 15%-на тең.
*****
Мемлекет басшысы «Қ.У.Бишімбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы» №813, «Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы» №814, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» №815 жарлықтарына қол қойды.
2010 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, Шымкент қаласында өткен «SaryAgash Open 2010» гольф турниріне қатысты.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы «Даңқ» мемориалының жанында Ұлы Отан соғысы ардагерлері және Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.
Жиналған халықтың алдында сөз сөйлеген Президент: «Ұлы Отан соғысы жылдарында майдангерлеріміздің көрсеткен ерлігі еліктеуге тұрарлық үлгі. Бұл жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз үшін маңызды» деп атап өтті.
Осыдан кейін Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік тілде оқытатын №86 орта мектептің ашылу салтанатына қатысты.
*****
Мемлекет басшысы «Сыртқы барлау туралы» №277-IV, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» №278-IV заңдарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №988 Жарлығына қол қойды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ХХV пленарлық отырысына төрағалық етті.
Отырыс жұмысына ірі шетелдік компаниялардың, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Президенті Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үдерісіне шетелдік инвесторларды кеңінен тарту мақсатында Кеңес мүшелеріне Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі ең ірі іскерлік әрі транзиттік хаб деңгейіне шығаруға бағытталған «Жаңа Жібек жолы» жобасын ұсынды.
«Осы мега-жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға таман Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі 2 есеге дейін өсуге, одан арғы жылдар ішінде бұл көрсеткіш кемінде 50 млн. тоннаға дейін жетуге тиіс», - деп мәлімдеді ол.
Пленарлық отырыс соңында Н.Ә.Назарбаев 4 аталым бойынша шетелдік компанияларға наградаларды табыс етті. Атап айтқанда, «Тікелей инвестицияларды салғаны үшін» аталымы бойынша - «ENRC», «Ұзақмерзімді стратегиялық ынтымақтастығы үшін» аталымы бойынша - «BG Group», «Әлеуметтік жауапкершілікті компания» аталымы бойынша «METRO Cash&Carry» компаниялары жеңімпаз атанды. Бас жүлдеге «Теңізшевройл» ЖШС лайықты деп табылды.
Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда...
*****
Сол күні Мемлекет басшысы өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерімен, оның ішінде ЕҚДБ президенті Т.Мировпен, «Сбербанк России» АҚ басқармасының төрағасы Г.О.Грефпен және «Glencore International plc» компаниясы басқармасының төрағасы А.Глазенбергпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
2013 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысына төрағалық етті.
Отырысқа «General Electric Transportation» компаниясының президенті Л.Симонелли, «ConocoPhillips» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Р.Лэнс, «Ресей жинақ банкі» ААҚ басқармасының төрағасы Г.О.Греф, «Airbus» компаниясының бас атқарушы директоры Д.Лихи, Еуропалық аэроғарыштық және қорғаныс концернінің («EADS») Президенті Т.Эндерс және т.б. қатысты.
Отырыстың басты тақырыбы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы болды. Бұл ретте, инвестициялық саясаттың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қазақстандық мазмұнды дамытуға, ең жаңа технологиялар трансфертіне және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін игеруге жәрдемдесу мәселелері қаралды.
Күн тәртібін дамыта отырып, Қазақстан Президенті өз сөзінде белгілі шетелдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген 2020 жылға дейінгі инновациялық даму және «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жариялады.
*****
Мемлекет басшысы өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI отырысының жұмысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
ЕҚДБ Президенті С.Чакрабортимен әңгімелесу барысында банктің қазақстандық экономиканың түрлі секторларындағы мемлекеттік және жеке меншік жобаларды іске асыруға қатысуының маңызды аспектілері талқыланды.
«Ресей жинақ банкі» ААҚ басқармасының төрағасы Г.О.Грефпен әңгімелесу барысында Қазақстанның банк секторының жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ «Ресей жинақ банкі» жергілікті өкілдігінің қызмет ету нәтижелері қаралды.
*****
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Б.Обамаға Оклахома штатында болған жойқын торнадо салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болған жандарға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Жойқын торнадо салдарынан ондаған жанның өмірі қиылып, жүздеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.
Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, сондай-ақ жараланғандардың тез арада сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін», - делінген жеделхатта.
*****
Мемлекет басшысы «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» №571 Жарлығына қол қойды.
2014 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №817 қбп Жарлығына қол қойды.
2015 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен VIII Астана экономикалық форумына қатысты.
Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда...
*****
Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысы аясында Нобель сыйлығының лауреаттары Ф.Кидландпен, Э.Маскинмен, Дж.Смутпен, Т.Карманмен, франциялық экономисі Ж.Атталимен, БҰҰ ФАО бас директоры Ж.Г. да Силвамен, БҰҰДБ әкімшісі Х.Кларкпен, ЭЫДҰ сыртқы байланыс жөніндегі директоратының басшысы М.Бонтуримен, ЕҚДБ вице-президенті Б.Нельсонмен, АДБ вице-президенті Ч.Вэнчаймен және «McKinsey Global Institute» жаһандық институтының директоры Р.Доббспен кездесті.
Кездесу барысында елдің инфрақұрылымдық және индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары талқыланды.
*****
Мемлекет басшысы «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы М.Хольцманды, Басқарма төрағасы М.М.Әуезовті және Директорлар кеңесінің мүшесі К.Х.Рақышевті қабылдады.
Кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ шағын және орта бизнеске «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Одан басқа, банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласы бойынша жұмыс сапарын жасап, «Талан Тауэр», «Әбу-Даби Плаза» және «Жасыл квартал» әкімшілік-тұрғын үй кешендері құрылыстарының барысымен танысты.
Дереккөз: Akorda.kz
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 21 МАМЫР
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
ЕЛБАСЫ ЖАС КОМПОЗИТОР РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлы адамдар өмірі: Олжас Сүлейменов