Жаңалықтар

«Бұл халықты қанау ғой». Депутат Жигули Дайрабаев 56 пайызбен несие төлегенін айтты

«Бұл халықты қанау ғой». Депутат Жигули Дайрабаев 56 пайызбен несие төлегенін айтты
Фото: facebook.com 26.12.2023 12:30 2219

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутат Жигули Дайрабаев 56 пайызбен несие төлегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халыққа қанша пайызбен несие беріп отырсыздар? Мәселен, қай банкке барып несие алсаңыз да, 24-25 пайызбен береді. Ол айналып келіп өсе береді. Мен осыдан 3-4 жыл бұрын Kaspi банктен несие алғанмын. Артынша 56 пайыз қылып қайтардым. Бұл халықты қанау ғой. Тірідей қанап, еңбекші адамды өлтірумен тең. Банкир мырзалар, сіздер өндірісті ойлап отырған жоқсыздар. Әйтеуір сіздерге жылдамдатып баю. Қазақстанның экономикасын қалай арттырамыз, өндіріс қалай болады, ол жағын сіздер кем ойлайсыздар, - деді депутат Жигули Дайрабаев.

Бұған дейін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиев 1,6 миллионнан астам қазақстандық банкке берешегін төлей алмай отырғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға